Халықаралық білім беру мектебі
Мектептің білім беру бағдарламалары бойынша үйлестірушісі
Достық 13
ISE@abaiuniversity.edu.kz
Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі мектеп үйлестірушісі
Достық 13
ISE@abaiuniversity.edu.kz
Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі мектеп үйлестіруші
Достық 13
ISE@abaiuniversity.edu.kz
ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
2025 жылғы қазан айында Қазақстан Республикасы Ғылым және
жоғары білім министрлігінің қолдауымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті мен Қытай Халық Республикасының серіктес жоғары оқу орындары
бірлесіп Халықаралық білім беру институтын құрды.
Аталған институт Қазақстан мен Қытай арасындағы жоғары
білім беру саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтуге, академиялық
ұтқырлықты дамытуға және білім алушылардың халықаралық деңгейдегі білім алу
мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.
НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТ БАҒЫТТАРЫ
1. Халықаралық ынтымақтастық
Қазақстан мен Қытайдың жоғары оқу орындары,
ғылыми-зерттеу ұйымдары және мемлекеттік құрылымдары арасындағы бірлескен білім
беру және ғылыми жобаларды үйлестіру, сондай-ақ екіжақты әріптестікті жүйелі
дамыту.
2. Қабылдау және академиялық қолдау
Қытай азаматтарын қабылдаудың негізгі орталығы ретінде
қабылдау рәсімдерін жүзеге асыру, үміткерлерге консультациялық қолдау көрсету,
құжаттарды қабылдау, сұхбат ұйымдастыру және оқуға қабылдау кезеңдерін толық
сүйемелдеу.
3. Оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару
Халықаралық студенттердің оқу үдерісін үйлестіру, білім
беру сапасын арттыру мақсатында шетелдік профессор-оқытушылар құрамын және
заманауи білім беру ресурстарын тарту.
Қосымша ақпарат алу үшін бізбен байланысыңыз.
Эл. пошта: ISE@abaiuniversity.edu.kz
Телефон нөмірі: 4008-985-211 010-60609866
Вичат аккаунт:哈萨克国立师范大学招生中心