Астана қаласындағы Білім беру институты
«Білім беру» институтының директоры
Филология
ғылымдарының кандидаты
d.bolatkhanuly@abaiuniversity.edu.kz
«БІЛІМ БЕРУ» ИНСТИТУТЫ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің
Астана қаласындағы «Білім беру» институты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаевтың білім беру саласын дамытуға бағытталған стратегиялық тапсырмасы
аясында ашылды. Институт өз жұмысын 2024 жылдан бастап, алғашқы студенттерін
қабылдады.
Институттың ашылуы Астана қаласы мен солтүстік өңірдегі педагогикалық кадр тапшылығын жоюға, заманауи талаптарға сай білікті мұғалімдер даярлауға бағытталған маңызды жоба болып табылады. Қазіргі таңда елімізде педагог мамандарға сұраныс жоғары, ал алдағы жылдары бұл қажеттілік одан әрі арта түседі.
Негізгі мақсаты:
«Білім беру» институтының басты мақсаты – Астана қаласы мен солтүстік өңірдің білім беру ұйымдарын бәсекеге қабілетті, кәсіби, заманауи ойлайтын педагог кадрлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ тұлға қалыптастыратын ұстаздарды даярлау.
Білім беру бағдарламалары:
Институтта 9 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар
даярланады:
1. Педагогика және психология
2. Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
3. Алғашқы әскери дайындық
4. Көркем еңбек және сызу
5. Математика
6. Информатика
7. География
8. Қазақ тілі мен әдебиеті
9. Арнайы педагогика (дефектология, логопедия, тифлопедагогика,
сурдопедагогика)
Қазіргі таңда институтта 400-ден астам студент білім алуда.
Олардың басым бөлігі мемлекеттік және Астана қаласы әкімінің гранты негізінде
оқиды.
Оқу үдерісі және кадрлық құрам:
Оқу үдерісіне Абай университеті мен серіктес жоғары оқу
орындарының тәжірибелі профессор-оқытушылары тартылған. Институтта ғылым
докторлары, ғылым кандидаттары және PhD дәрежесіне ие ғалымдардан құралған
білікті оқытушылар қызмет атқарады.
Студенттер теориялық білімдерін Астана қаласындағы мектептер мен білім беру ұйымдарында тәжірибеден өту арқылы бекітеді.
Құрылымы:
Гуманитарлық-жаратылыстану пәндері кафедрасы