Педагогика және психология факультеті
«Жас ғалымдар» клубы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің «Арнайы педагогика» кафедрасы аясында құрылған «Жас ғалымдар клубы» 01.09.2022 жылдан бүгінгі күнге дейін өз жұмысын жалғастыруда.
Қатысушылар: «6В01901-Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының студенттері, магистранттары, докторанттары. Кездесулер ZOOM платформасында ONLINE/OFFLINE форматында өткізіледі.
Зерттеу тақырыбы: студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Мақсаты: студенттер, магистранттар мен докторанттар арасында арнайы білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысында білім, білік, дағдыларын дамыту және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүйелі жүзеге асыруға қызығушылықты ояту.
Тапсырмалар:
- студенттер арасында ғылыми білімді насихаттау және студенттердің ғылыми дайындық деңгейін арттыруға көмектесу;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар жүйесін түсінуге бағыт-бағдар беру;
- алынған зерттеу жұмысының өзектілігін анықтауға және оны тәжірибеде қолдануға бағыттау;
- зерттеу материалын талдау және жүйелеу тәсілдерін үйрету;
- ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша талдау жұмыстарын жүргізу, жұмысты талапқа сай жобалауды үйрету;
- студенттерді ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуға жіберу;
- жас ғалымдар арасындағы жобаларға қатысуға көңіл бөлу.
«Жас ғалымдар» клубының жетекшісі 3 курс докторанты Г.Ж. Ержанова.