Өнер факультеті

Өнер факультетінің ғылыми-зерттеу жұмысы жоғары ғылыми және шығармашылық әлеуетімен ерекшеленеді. Факультетте ғылыми-шығармашылық ізденістерді жүзеге асыруға қажетті заманауи әдістер мен тәсілдердің кең ауқымы, түрлі зерттеу құралдары, сондай-ақ магистранттар мен докторанттар қатарынан құрылған зерттеушілер мен ассистенттер тобы қалыптасқан.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары білім беру, өнертану және университеттің нормативтік-басқару құжаттарының талаптарына сәйкес жүйелі түрде ұйымдастырылып, жүзеге асырылады. Зерттеу бағыттары факультеттің бейіні мен білім беру бағдарламаларына сай келіп, оқу үдерісінің қажеттіліктерін қамти отырып, көркемдік-педагогикалық білім беруді жетілдіруге және одан әрі дамытуға бағытталған.

Факультет профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу қызметі оқу процесінің сапасы мен тиімділігін арттыруға, заманауи ғылыми жетістіктерді білім беру жүйесіне енгізуге негізделген. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар уақытылы орындалып, есеп беру құжаттары белгіленген мерзімде тапсырылып отырады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша факультетте ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жоғары деңгейде болды. Атап айтқанда:

  • Scopus және WoS халықаралық рейтингтік базаларында индекстелген журналдарда 7 мақала жарияланды;
  • ҚР ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда 12 ғылыми мақала жарық көрді;
  • Жақын шетел журналдарында 3 мақала жарияланды;
  • Алыс шетел журналдарында 3 ғылыми мақала жарық көрді;
  • ҚР басқа ғылыми журналдарында 1 мақала жарияланды;
  • Жақын шетелдік ғылыми конференциялар жинақтарында 4 мақала мен тезис жарияланды;
  • Алыс шетелдік ғылыми конференциялар материалдарында 1 мақала жарық көрді;
  • Қазақстан Республикасындағы ғылыми конференциялар жинақтарында 5-тен астам мақала мен тезис жарияланды;
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын 4 ғылыми жоба жүзеге асырылды;
  • 1 халықаралық ғылыми-білім беру жобасы іске асырылды;
  • 1 стартап жоба жүзеге асырылды.

Факультет халықаралық ынтымақтастық бағытында да белсенді жұмыс жүргізіп, шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми және академиялық байланыстарды нығайтуда.