Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті
Информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасы
Серіктес шетелдік жоғары оқу орындары
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институты Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен және халықаралық ғылыми-білім беру орталықтарымен тығыз байланыс орнатқан. Белгілі шетелдік ғалымдар кафедра магистранттары мен докторанттарына дәріс оқиды, ғылыми кеңесші ретінде қызмет атқарады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында магистранттар мен докторанттар Түркия, Польша және басқа да елдерде ғылыми тағылымдамадан өтеді.
Шетелдік
серіктестер
- В.П. Астафьев атындағы Краснояр
мемлекеттік педагогикалық университеті — Ресей
- Мәскеу қалалық педагогикалық
университеті — Ресей
- М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу
мемлекеттік университеті — Ресей
- Омбы мемлекеттік педагогикалық
университеті — Ресей
- Илецк мемлекеттік университеті
— Ресей
- Новосибирск мемлекеттік
университеті — Ресей
- Өзбекстан Республикасы Ғылым
академиясының Математика және ақпараттық технологиялар институты —
Өзбекстан
- Измир университеті — Түркия
- Печ университеті — Венгрия
- Сантьяго-де-Компостела
университеті — Испания
- Каунас технологиялық
университеті — Литва
- Таллинн университеті — Эстония
- Кернтен педагогикалық
университеті — Австрия
- Русе университеті — Болгария
- Слупск қаласындағы Помор
академиясы — Польша
- Тренто университеті — Италия
Академиялық
ұтқырлық (профессор-оқытушылар құрамы және студенттер)
Институт
студенттерінің академиялық ұтқырлығы ҚР БҒМ-нің «Кредиттік технология бойынша
оқу үдерісін ұйымдастыру қағидалары» туралы бұйрығының 5-тармағына және
студенттер мен оқытушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығы жөніндегі
бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Кафедрада
академиялық ұтқырлық, ғылыми тағылымдама, бірлескен зерттеу жобалары,
симпозиумдар, семинарлар және конференциялар аясында оқытушылар мен
студенттердің тұрақты алмасуы жүзеге асады.
Докторанттардың
академиялық ұтқырлығы алыс шетел (Слупск қаласындағы Помор академиясы, Польша),
жақын шетел (Мәскеу мемлекеттік университеті, Ресей) және республика ішіндегі
жоғары оқу орындары базасында жүзеге асырылады (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық
университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті, Х. Досмұхамедов атындағы
Атырау университеті, Павлодар педагогикалық университеті, Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда университеті).
Бірлескен
жобалар мен жарияланымдар
–
ИРН AP23490844 «IoT-трансформация учебного заведения: проектирование, внедрение
умной аудитории и подготовка специалистов в области IoT для образования» (ҚР
ҒЖБМ);
– BR21882260-OT-23 «Күрделі әлемге арналған білім беру жағдайында педагогтердің
үздіксіз кәсіби дамуы жүйесін құру: парадигма, әдіснама, цифрлық құралдар» (ҚР
ҒЖБМ);
– API9679514 «“Блокчейн” доменінің ұғымдық аппаратын зияткерлік мәтіндік талдау
және формалды ұғымдар талдауы арқылы зерттеу: оқыту әдістемесіне бағытталған»
(ҚР ҒЖБМ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ);
– ИРН AP19579325-OT-25 «Акустика теңдеуі үшін кері және дұрыс қойылмаған
есептерді шешудің заманауи сандық әдістерін әзірлеу және зерттеу» (ҚР ҒЖБМ);
– AP23490592 «Генеративті жасанды интеллект технологиясының программалау
пәнінен ЖОО студенттерінің білімін бақылау әдістемесіне әсерін зерттеу» (ҚР
ҒЖБМ).
Қос
дипломды бағдарламалар
Қос
дипломды магистратура бағдарламасы:
6В01507
– Білім беру қызметін цифрландыру технологиясы (желілік форма), В.П. Астафьев
атындағы Краснояр мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей).
7M01524
– Білім беру қызметін цифрландыру технологиясы, В.П. Астафьев атындағы Краснояр
мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей).
Халықаралық
конференциялар мен көрмелерге қатысу
Турашева
Ш., Бабахан Б. “Smart classroom” жағдайында интеллектуалды бейнебақылау
жүйелері арқылы қатысуды бақылаудың тиімділігін арттыру. The EuroAsia
Congress on Scientific Researches and Recent Trends-XIII, 5–6 қараша 2024 ж., Анкара (Түркия).
Сейдуәлі Қ., Наурызбаев Д., Амангелдин А., Ерсін М.