Жаратылыстану және география факультеті

Алиаскаров Думан Тоқтарұлы
Алиаскаров Думан Тоқтарұлы

Факультет деканы

PhD, қауымдастырылған профессор

d.aliaskarov@abaiuniversity.edu.kz

Жүсіпбекова Нұрсұлу Сарсенқызы
Жүсіпбекова Нұрсұлу Сарсенқызы

Оқу жұмысы жөніндегі декан орынбасары

Химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

nursulusarjus@mail.ru

Мұздыбаева Қарлығаш Қаманайқызы
Мұздыбаева Қарлығаш Қаманайқызы
Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі декан орынбасары

География ғылымдарының кандидаты

k.muzdybayeva@abaiuniversity.edu.kz

Бакиров Серік Бакирұлы
Бакиров Серік Бакирұлы
Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

PhD, аға оқытушы

serikbakirov@mail.ru

Әлеуметтік желілер:


Instagram

Факультет тарихы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің алғашқы күнінен, яғни 1928 жылдан басталады. Осы жылдарда алғашқы кафедралар (ботаника, химия, зоология) ашылды. Ал, 1933 жылы еліміздегі басқа жоғары оқу орындары арасында бірінші болып, география мамандығына алғашқы студенттер қабылданды. 1936 жылы бұл бөлім дербес факультет болып қайта құрылды. 1955/1956 жылдары екі факультет Жаратылыстану-география факультеті болып бірікті. 2014 жылы Болон декларациясына сәйкес, алдыңғы қатарлы инновациялық университеттер құрамына ену мақсатында Жаратылыстану және география факультеті болып қайта құрылды.

Факультетті елімізге және әлемге танымал ғылым және білім беру ісінің белгілі қайраткерлері бітірген, олардың ішінде академиктер мен академияның корреспондент-мүшелері: Ә.С.Бейсенова, А.И.Сембаев, И.В.Северский, Б.А.Бірімжанов, Л.К.Клышов, А.Б.Бекенов, Р.Е.Елешов, Е.А.Мәмбетқазиев, М.К.Кукенов және басқалары бар. Факультеттің кейбір түлектеріне жоғары мемлекеттік марапаттар берілді: «Кеңес Одағының Батыры» атағын К.Камзин, «Халық Қаһарманы» атағын М.Таипов алды.

Бүгінгі таңда Жаратылыстану және география факультетінде 3662 студент, 289 магистрант және 104 докторанттар білім алады. Факультетте 148 профессор-оқытушылар қызмет атқарады. Профессор-оқытушылар құрамының арасында ҚР Ұлттық ғылым академиясының 2 академигі, 11 ғылым докторы, 47 ғылым кандидаты және 21 PhD докторлары бар. Факультет оқытушылары арасында «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері, үздік оқу құралына арналған республикалық конкурстың жеңімпаздары, жалпы білім беретін мектептерге арналған химия және биология, география пәндері оқулықтарының авторлық ұжымдары бар. Факультет профессор-оқытушылары жыл сайын қалалық, облыстық және республикалық пән олимпиадаларын ұйымдастырып өткізуге ат салысады, республикалық, Алматы қаласы мен республиканың жалпы білім беретін мектептерімен, Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектептерімен тығыз байланыста.

Факультеттің жетекші профессор-оқытушылары жаңартылған білім беру мазмұндағы оқулықтар мен оқу құралдарының авторлары, оның ішінде монографиялар, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, ағылшын тіліндегі оқулықтар, оқу құралдары, электронды оқулықтар, импакт-факторлы алыс және жақын шетелдегі ғылыми журналдарда, ҚР ҒМБ БҒСБ ұсынған басылымдарда жарияланған мақалалар, авторлық куәліктер мен патенттер бар.

Қазіргі таңда факультетте белсенді түрде материалдық-техникалық жабдықтау, академиялық ұтқырлықты дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Факультет кафедралары ҚР БҒМ жүйесінің жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелерімен, ТМД елдері және алыс шетелдер (АҚШ, Ұлыбритания, Германия, РФ, Украина, Беларусь, Литва, Польша, ҚХР, Түркия және т.б.) университеттерімен тығыз байланыс орнатқан.

Қазіргі уақытта Жаратылыстану және география факультет құрамында 3 Білім беру бағдарламалары топтары бар: «Химия», «Биология» және «География, қоршаған орта және қызмет көрсету». Факультетте білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білікті мамандар даярлайды және оқытудың барлық формасы бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Факультеттің бакалавриатта 28 ББ (86%), магистратурада 8 ББ (100%), докторантурада 6 ББ (100%) халықаралық аккредитациядан өтті. Ұлттық рейтингтерде факультеттің білім беру бағдарламалары алдыңғы орындарда тұр.

Факультеттің материалдық-техникалық базасы қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқулықтармен және оқу-әдістемелік қорымен жабдықталған. Теориялық білім оқу және өндірістік практикалар барысында алатын практикалық дағдылармен толықтырылады.

Студенттердің, магистранттардың және докторанттардың тек оқуына ғана емес, ғылыми зерттеулермен шұғылдануына, спортпен айналысуына, треккингтер мен экскурсияларға шығуына, салауатты өмір салтын ұстануына барлық жағдай жасалған.

Бакалавриат
1 В012 Химия мұғалімдерін даярлау 6B01524  Химия (IP)   Химия Биология
2 В013 Биология мұғалімдерін даярлау 6B01513  Биология (IP) Биология Химия
6B01523  Жаратылыстану (IP) Биология Химия
3 В014 География мұғалімдерін даярлау 6B01515  География (IP) География Дүниежүзі тарихы
4 В050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар 6B05101  Биология Биология Химия
5 В051 Қоршаған орта 6B05202  Экология Биология География
6 В052 Жер туралы ғылым 6B05203  География Математика География
7 В053 Химия 6B05301  Химия Химия Биология
8 В091 Туризм 6B11101  Туризм  География Шетел тілі