22.09.2025
«Жас кәсіпкер Abai University» Startup-жобалар конкурсы жарияланады
Абай атындағы ҚазҰПУ
«Жас кәсіпкер Abai University» Startup-жобалар конкурсын өткізені туралы
хабарлайды. Конкурстың мақсаты - кәсіпкерлік белсенділікті дамыту және жас
зерттеушілер мен профессорлық-оқытушылық құрамды бизнес-жобаларды әзірлеп,
оларды іске асыруға қатысуға ынталандыру.
Конкурсқа қатысу кезеңінде жобаны ұсынып, өтініш беретін кандидатқа қойылатын
талаптар келесідей:
- Университеттің
білім алушылары, яғни 1-3 курс студенті, 1 курс магистранты, 1-2 курс
докторанты және жасы 40-тан аспаған (40-жастағыларды қоса алғанда)
постдокторант;
- Жасы 40-тан аспаған
Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамы (40-жастағыларды қоса
алғанда);
Өтінімдер 2025 жылғы 23 қыркүйегінен 21 қазанына дейін қабылданады (демалыс
күндерін есепке алмағанда 21.10.2025 жылғы, уақыты 23:59).
Өтінімдер келесі
сілтеме және төменде көрсетілген электрондық пошта бойынша электрондық форматта
беріледі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfcQUyBAvBb34GnBEMhF3ZrOFhE_eZ0OzLOUVO5fORnKQCgQg/viewform?usp=dialog
, электрондық пошта: abayventure@abaiuniversity.edu.kz
Қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30, мекенжайы
бойынша орналасқан Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым департаментінің Коммерцияландыру
кеңсесіне (№ 209 кабинет) хабарласуға болады.
Байланыс деректері: 8-775-7744504, 8-776-964-57-57
Ануар Накисбеков,
коммерцияландыру кеңсесінің жетекші маманы
Кенжебаева Улпан,
коммерцияландыру кеңсесінің жетекшісі
Электрондық
пошта: abayventure@abaiuniversity.edu.kz