«Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті» «Абай атындағы ҚазҰПУ «Информатика» мамандығын бітірген түлектер форумына шақырады

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Информатика және білімді ақпараттандыру» кафедрасы Мектеп информатикасының 40-жылдығы мен Е.Ы.Бидайбековтың 80-жылдық мерей тойының қарсаңында түрлі жылдарда білім алған түлектерді, ұстаздарды және әріптестерді қауыштыратын ТҮЛЕКТЕР ФОРУМЫНА шақырады.

 

Өткізу күні: 03.10.2025

Уақыты: 10.00-12.00

Өтетін орны: Алматы қ., Төле би көшесі 86, Математика, физика және информатика факультеті, акт-зал.

Форум бағдарламасы:

 

Әр жылдардағы түлектер мен оқытушылардың кездесуі;

Кафедраның жаңа білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобалары туралы таныстырылым;

Ынтымақтастық пен кәсіби серіктестікті дамыту жөніндегі пікір алмасу;

Бейресми жағдайда естелікке толы әңгімелесу.

Біз үшін әр түлектің қолдауы мен қатысуы - кафедра тарихы мен болашағының маңызды бөлігі.