02.10.2025
«ЖАС КӘСІПКЕР ABAI UNIVERSITY – 2025» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
2025 жылғы 30 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінде «Жас кәсіпкер Abai University - 2025»
стартап-жобалар конкурсының финалы - Demo Day өтті. Оның мақсаты - студенттер
мен жас зерттеушілердің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру және ғылыми
әзірлемелерді бизнес-жобаларға айналдыруға ынталандыру. Финалдық кезеңде 7 топ
өз жобаларын ұсынды. Бағалау комиссиясының шешімімен «Smart балалар асханасы»
жобасы бірінші орынды жеңіп алып, 1,5 млн теңге инвестициялық қолдауды иеленді.
Жалпы жүлде қоры 3 миллион теңге тұратын байқауды ұйымдастырған Абай
университетінің Ғылым департаменті. Оған болашағынан зор үміт күттіретін 7 топ
қатысты. Сондықтан, «Жас кәсіпкер Abai University - 2025» стартап-жобалар
байқауының ақтық бәсекесі де өте тартысты өтті деуге болады.
Бұл ауқымды іс-шара жас инноваторлар, кәсіпкерлер мен сарапшыларды бір алаңға
тоғыстырып, олардың батыл идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Байқаудың
басты мақсаты - студенттердің, жас зерттеушілер мен оқытушы-профессорлар
құрамның кәсіпкерлік белсенділігін дамыту, университеттің ғылыми-зерттеу
әзірлемелерін бизнес-жобаларға айналдыруға ынталандыру.
Іс-шараны зерттеу қызметі және инновация жөніндегі проректор Ертай Сұлтан ашып,
қатысушыларға сәттілік тілеуден басталды. Проректор университет басшылығы
тарапынан жас кәсіпкерлерге әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Ақтық кезеңде жеңімпаздар өздерінің стартап-жобаларын таныстырып, бағалау
комиссиясының қарауына ұсынуынан белгілі болды. Әрбір жоба креативтілігі,
жаңашылдығы, жүзеге асыру әлеуеті және қаржылық негіздемесі бойынша сарапқа
салынды.
Бағалау комиссиясының шешімі бойынша І орын «Smart балалар асханасы» жобасына
беріліп, оған 1,5 млн теңге көлемінде инвестициялық қолдау жасалатын болып
шешілді. ІІ орын алған «Tazar» (шипалы сабындар өндірісі) жобасы 1 млн теңге
көлемінде инвестициялық қолдауды иеленді. Ал 500 мың теңгелік инвестициялық
қаржы ІІІ орын алған «Tester.AI» жобасына бұйырды.