03.04.2026
АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫСТА БАС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ
2026 жылдың 2 сәуірінде Петропавл қаласында М.Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университетінде ақын, Қазақстанның халық жазушысы,
«Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Жүрсін Ерманның 75 жылдық мерейтойына арналған
«Ұлытаудың ұланы ұлтым деген» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті.
Еліміздің әр өңірінен 17-35 жас
аралығындағы 14 жас ақын іріктеліп сөз додасына түсті. Олар ұлттық өнердің
терең тамырын, суырыпсалмалық дәстүрдің өміршеңдігін көрерменге кеңінен паш
етті. Жас айтыскер ақындар өнеріне Жүрсін Ерман бастаған, айтыс өнерінің
белгілі өкілдері – Серік Қалиев, Құдайберлі Мырзабек, дауылпаз жырау Алмас
Алматов қазылық етіп, әділ бағасын берді.
Тартысқа толы өткен айтыс
нәтижесінде Абай университетінің 1-курс студенті, Оразалы Досбосынов атындағы
жас ақындар орталығының мүшесі Зарина Пердебай бас жүлдені иеленіп, 300 000
теңге қаржылай сыйақымен марапатталды. Осылайша, жас ақын сөз тапқырлығы
мен ой тереңдігін, суырыпсалмалық шеберлігін айқын танытып, көпшіліктің ықыласына
бөленді.
Айтыс нәтижесі бойынша жүлделі
орындар төмендегідей берілді:
Бас жүлде – Зарина Пердебай (Алматы,
Абай атындағы ҚазҰПУ) – 300 000 теңге;
I орын – Әмірхан Елдар (Қызылорда,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті) – 200 000 теңге;
II орын – Мұқанқызы Аякөз (Қостанай,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті) – 150 000 теңге;
III орын – Дәуренбек Рамазан
(Павлодар, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті) – 100 000
теңге қаржылай сыйақымен марапатталды.
Арнайы жүлделерді Сауытбек Мағжан
(Түркістан облысы) және Аяған Диас (М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан
университеті) 80 000 теңге қаржылай сыйақыны иеленді. Айтысқа қатысқан өзге де ақындар
белсенді өнер көрсеткені үшін 60 000 теңгеден ынталандыру сыйақыларына ие
болды.
Бұл жеңіс – университетіміздің
шығармашыл жастарына көрсетілген қолдаудың және ұлттық өнерді ұлықтауға
бағытталған жүйелі жұмыстың айқын нәтижесін. Осындай игі бастамалар айтыс
өнерінің мәңгілік жасайтынына деген сенімді нығайтып, келер буынға сарқылмас
шабыт сыйлайтыны сөзсіз.
«Abai University» медиа орталығы