23.03.2026
ТАЗАРУ КҮНІ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ АЙНАСЫ
«Наурызнама» онкүндігі бойынша 23
наурыз – Тазару күні. Бұл күн адамның рухани жаңғыруына бағытталған маңызды
бастама. Табиғатты қорғау мен ішкі жан дүниені тазартып, жаңа бастамаларға
қадам жасау идеясы – «Тазару күнінің» басты ұстанымы.
Бүгінде экологиялық мәселелер
жаһандық деңгейде өзекті. Қоршаған ортаның ластануы, климаттың өзгеруі,
тұрмыстық қалдықтардың көбеюі – барша адамзатқа ортақ проблема. Осы тұрғыда
«Тазару күні» экологиялық сананы қалыптастыруға, табиғатты аялауға үндейтін маңызды
күн ретінде ерекшеленеді. Түсінген жанға көктемде айналасын, үй-ішін жинау,
бұлақ көзін ашу, рухани тұрғыдан өкпе-ренішті кешіру, күнәлардан арылу –
тазарудың басты қағидаттары.
Қазақстанның барлық өңірінде бұл
күні сенбіліктер ұйымдастырылып, ағаш отырғызу, аумақтарды абаттандыру,
қалдықтарды сұрыптау сияқты игі шаралар жүзеге асырылады. Бұл – бір күндік
акция емес, халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жүйелі
жұмыс.
Абай университеті қабырғасында да
«Тазару күні» жыл сайын мазмұнды түрде аталып өтеді. Университет ұжымы мен
студенттері бұл күнді ерекше жауапкершілікпен қарсы алып, оқу орны аумағында
тазалық жұмыстарын жүргізіп, көгалдандыру ісіне белсенді қатысады.
Айта кету керек, бұл бастама тек
23 наурызбен шектелмейді. Университетте «Таза Қазақстан» жобасы аясында жыл
бойы сенбіліктер ұйымдастырылып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға
бағытталған түрлі шаралар жүйелі түрде өткізіліп келеді. Студент жастар мен
оқытушылар қауымы қала аумақтарын тазарту, ағаш отырғызу, табиғатты қорғау
акцияларына тұрақты түрде атсалысып, қоғамға үлгі көрсетуде.
«Тазару күні» тек сыртқы тазалық
емес, ішкі рухани жаңғыруды да қамтиды. Бұл күн адамдарды өткенге ой жүгіртіп,
жаңа мақсаттар қоюға, кешірім мен татулыққа шақырады. Рухани тазалық – тұлғаның
ғана емес, тұтас қоғамның дамуына негіз болатын құндылық.
Жалпы айтқанда, «Тазару күні» –
экологиялық мәдениет пен рухани жаңғырудың үндестігін көрсететін маңызды
бастама. Бұл күннің мәнін терең түсініп, әрбір азамат өз үлесін қосса,
еліміздің келешегі әлдеқайда жарқын, таза әрі рухани бай болары сөзсіз.
«Abai University» медиа орталығы