«Тарихи білім және AI: мұғалімнің цифрлық-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру» атты семинар өтті

«Тарихи білім және AI: мұғалімнің цифрлық-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру» атты семинар өтті

2026 жылғы 27 ақпан күні сағат 15.00 Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ОӘБ-ЖБТ Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін/педагогтарды даярлау бағыты бойынша (Тарих) жобалық топтың «Тарихи білім және AI: мұғалімнің цифрлық-педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру» атты семинары өтті.

Семинардың мақсаты – Қазақстандағы  тарихи-педагогикалық білім беру жүйесінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді енгізу жолдарын айқындау, әлемдік білім беру трендтерін талдау, жаңа білім бағдарламаларының үлгілерін ұсыну және озық инновациялық тәжірибелерді тарату.

Оқытушылар, мұғалімдер, зерттеушілер, мұражай және архив мамандары, сондай-ақ жасанды интеллект қолдану саласына қызығушылық танытқан унивеситеттің профессор-оқытушы құрамы, докторанттар мен «Өрлеу» БАҰО АҚФ Алматы қаласы бойынша КДИ институты Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедраның аға оқытушыларымен теориялық және практикалық-Workshop түрінде семинар ұйымдастырылып, баяндамалар, пікірталастар және практикалық кейстер қарастырылып, талқыланды.

Бірінші бағыт бойынша «Тарихи білім берудегі жасанды интеллекттің жаһандық трансформациясы: ғылыми үрдістер мен кәсіби құзыреттілік парадигмасы» теориялық бөлімінде т.к.д., профессор, халықаралық эксперт, Абай атындағы ҚазҰПУ «Цифрлық тарих: Digital lab» білім беру және зерттеу халықаралық орталығының жетекшісі Жангуттин Бауыржан Олжабаевич, ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары Әлімғазинов Қайрат Шәкәрімұлы тарих ғылымындағы заманауи білім беру мен, архив материалдарындағы деректерді сақтаудың цифрлық мүмкіндіктерін талдады.

Екінші бағыт бойынша «Цифрлық-педагогикалық құзыреттілікке негізделген тарихи білім бағдарламаларын жаңарту: курстық модельдер мен оқыту стратегиялары» екінші бағыты бойынша т.ғ.к., аға оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ жобалық топтың жетекшісі Нұрман Шолпан Төрегелдіқызы, SDU University, Тарих БББ координаторы, магистр, аға оқытушы Қалиев Азат Бақытұлы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі,  PhD Калиева Бекзат Тынысбекқызы өз баяндамаларын оқып, ауқымдыталдау жасады.

«Практикалық workshop: Тарихшылардың кәсіби дамуына арналған жасанды интеллект құралдарының қолданбалы тәжірибелері» үшінші бөлімінде «Өрлеу» БАҰО АҚФ Алматы қаласы бойынша КДИ институты Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедраның аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Гүлжанат Габдулахметқызы Байболова және Кеніштайқызы Гүлбала, Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты, №217 жалпы білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі Абдильдинова Лашын Батырхановна заманауи білім беруде жасанды интеллектіні тиімді және нәтижелі қолданудың тәжірибесімен бөлісті.

Артқа қайту