«Бір күн – бір факультет» форматындағы әдістемелік ашық есік күні аясында Педагогика және психология кафедрасының үздік ашық сабағы

«Бір күн – бір факультет» форматындағы әдістемелік ашық есік күні аясында Педагогика және психология кафедрасының үздік ашық сабағы

       Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті-інде MethodFest «Бір күн – бір факультет» форматындағы әдістемелік ашық есік күні аясында Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, магистрі Ж. Исаеваның ұйымдастыруымен 6В01101 – Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 2-курс студенттерімен «Тұлға психологиясы» пәні бойынша ашық семинар сабағы өтті.
       Семинар тақырыбы – «Carl Jung: аналитикалық тұлға теориясы», «Ғалым әлеміне саяхат» атты фильмдік-интерактивті форматта ұйымдастырылды. Сабақтың негізгі мақсаты – Carl Gustav Jungтің аналитикалық психология теориясының базалық ұғымдарын терең меңгерту, тұлға құрылымын ғылыми-теориялық тұрғыда талдау және оларды нақты мысалдар арқылы түсіндіру болды.
        Семинар барысында студенттер Юнг теориясымен тек теориялық деңгейде танысып қана қоймай, оны кино кейіпкерлерінің бейнесі арқылы интерпретациялады. Инновациялық әдіс ретінде жасанды интеллект мүмкіндіктері қолданылып, ғалымның тұжырымдамалық идеялары интерактивті форматта ұсынылды.
       Практикалық бөлімде студенттер үш топқа бөлініп, әр топқа талдау форматы мен көркем туынды бекітілді:
1-топ — «Юнг кабинеті» рөлдік форматы (фильм: Cruella);
2-топ — «Интеллектуалдық сот» форматы (фильм: Harry Potter);
3-топ — «Стоп-кадр талдау» әдісі (фильм: The Lion King).
       Әр топ Юнгтің «персона», «көлеңке», «архетип», «эго», «ұжымдық бейсаналық» секілді негізгі категорияларын фильм кейіпкерлерінің әрекеті мен мінез-құлқы негізінде талдап, теориялық білімді тәжірибемен ұштастырды.
      Сабақты бекіту кезеңінде студенттер теориялық білімін тест тапсырмалары арқылы қорытындылап, рефлексия жүргізді. Ашық семинар заманауи педагогикалық технологияларды, интербелсенді әдістерді және цифрлық құралдарды тиімді ықпалдастыруымен ерекшеленді.
      Іс-шара болашақ педагог-психолог мамандардың сыни ойлауын, талдау қабілетін, ғылыми пайымдау мәдениетін дамытуға бағытталған мазмұнды әдістемелік тәжірибе алаңы болды

Артқа қайту