02.03.2026
«Психология IP» клубының ашылуы және командалық тренинг
2026
жылдың 2 наурызында «Педагогика және психология» кафедрасы педагогика және
психология мамандығы бойынша оқитын студенттердің кәсіби құзіреттілігін дамыту
мақсатында «Психология IP» студенттік клубын ашып, «Команда
меннен басталады» атты алғашқы интерактивті тренингін өткізді. Іс-шара білім
беру ортасында ынтымақтастық, сенім және тиімді өзара әрекеттесу дағдыларын
дамытуға бағытталған.
Тренинг
көптілді форматта ұйымдастырылып, қатысушылардың мәдениаралық коммуникация және
әлеуметтік өзара әрекет дағдыларын дамытуға бағытталды.
Теориялық негіздрі
Тренинг
мазмұны әлеуметтік психология мен педагогикалық психологияның ғылыми
қағидаларына сүйенді:
• топтық динамика және әлеуметтік орта ықпалы;
• команданың даму кезеңдері;
• бақылау арқылы үйрену механизмі;
• эмоционалдық интеллект және эмпатия;
• гуманистік педагогика құндылықтары.
Психологиялық әсері
Жаттығулар
нәтижесінде қатысушыларда:
• топтық бірегейлік,
• сенім,
• өзара қолдау,
• рефлексия,
• жауапкершілік
қасиеттері дамыды.
Педагогикалық маңызы
Командалық
жұмыс — болашақ педагог-психологтың кәсіби құзыреттерінің бірі. Ол білім беру
ортасында:
• психологиялық қауіпсіздікті,
• тиімді коммуникацияны,
• тұлғалық дамуды қамтамасыз етеді.
Клубтың
ашылуы студенттердің ғылыми және тәжірибелік қызметін жүйелі түрде дамытуға
мүмкіндік береді.
Тренинг
тәжірибесі команданың құрылуы бірлескен әрекет, сенім және ортақ мақсат арқылы
жүзеге асатынын көрсетті.