Coursera Qazaqstan студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға қалай көмектеседі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «7M01513 – Биология» білім беру бағдарламасының бірінші курс магистранты Тілеулес Тахатбек Coursera Qazaqstan платформасы ұсынған «Стратегиялық көшбасшылық және менеджмент» бағдарламасын сәтті аяқтады.


Бағдарлама аясында магистрант басқару дағдыларын дамытуға, ұйымдарды жобалауға, корпоративтік стратегияны қалыптастыруға, көшбасшылық пен тиімді топтық жұмыс жасауға бағытталған негізгі курстарды меңгерді.


Оқуды аяқтаған соң Тілеулес Тахатбек «Стратегиялық көшбасшылық және менеджмент» бағдарламасы бойынша диплом алды. Жаратылыстану-география факультетінің Coursera Qazaqstan жобасы аясында диплом алған алғашқы магистрант атанды.


Coursera Qazaqstan – қазақстандық студенттер мен мамандарға қазақ тіліндегі әлемдік деңгейдегі курстарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін инновациялық платформа. Жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда, бұл ел азаматтарына озық білім беру ресурстарын пайдалануға және халықаралық деңгейде өз құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді.


Абай университетінің студенттері осы платформаның мүмкіндіктерін белсенді пайдаланып, білімдерін толықтырып, университеттің республикадағы жетекші оқу орны ретіндегі мәртебесін нығайтады.


20.12.2024 ж

Дереккөз: gov.kz