Болашақ педагогтің кәсіби шеберлігі: ашық сабақ тәжірибесі

Болашақ педагогтің кәсіби шеберлігі: ашық сабақ тәжірибесі

2026 жылғы 27 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушысы Орымбекова Ж. өндірістік іс-тәжірибе аясында ашық сабақ өткізді.

Сабақ Алматы қаласы Медеу ауданы, Қасыл Қатықбаев атындағы №168 мектеп-гимназиясының 10 «Б» сыныбында ұйымдастырылды. Ашық сабақтың тақырыбы — «Сәулет өнері. Стильдік ерекшеліктер».

Іс-шараға Әлеуметтік даму жөніндегі проректор М. Жақауов, Басқарма Төрағасы – Ректордың Академиялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Х. Жанбеков, Мансап орталығының басшысы Р. Жетібай қатысты.

Сабақ барысында білім алушы тақырыпты жүйелі әрі мазмұнды түрде ашып, теориялық дайындығының жоғары деңгейін көрсетті. Оқушылардың белсенді қатысуы қамтамасыз етіліп, оқу үдерісінде заманауи педагогикалық тәсілдер тиімді қолданылды.

Ашық сабақ әдістемелік талаптарға сай, жоғары деңгейде өтті. Іс-шараның табысты ұйымдастырылуына Қасыл Қатықбаев атындағы №168 мектеп-гимназиясы ұжымы тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілді.

Мұндай тәжірибелік сабақтар болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін нығайтып, теория мен практиканы ұштастыруға мүмкіндік береді.

Артқа қайту