Literon© - поэзияны оқуға арналған білім беру платформасы

Literon© - поэзияны оқуға арналған білім беру платформасы

2026 жылы 19 ақпанда MethodFest Abai University аясында PhD доктор, аға оқытушы Молдағали Мадина Literon© (https://literon.kz) білім беру платформасын таныстырды.

Literon© - поэтикалық мәтіндерді түсіну, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға бағытталған әдебиетті тануға арналған цифрлық платформа. Ресурс мектеп оқушыларына, студенттерге, оқытушыларға және классикалық әрі заманауи орыс және қазақ поэзиясына қызығушылық танытатын барша оқырманға арналған.

Literon© «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру ғылыми жобасы AP22685804 «Поэзияны зерттеуге арналған цифрлық платформаның интеграциялық әлеуеті» аясында әзірленген. Жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті тарапынан қаржыландырылады.

Платформа жоғары интеграциялық әлеуетке ие: ол әдеби талдаудың дәстүрлі әдістерін цифрлық құралдармен ұштастырып, гуманитарлық білім берудің онлайн кеңістіктегі мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Артқа қайту