Абай университеті білім алушысының ашық сабағы жоғары деңгейде өтті

Абай университеті білім алушысының ашық сабағы жоғары деңгейде өтті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Биология педагогтерін даярлау білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушысы Байжанова Сұлушаш М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда «Көру мүшелерінің құрылысы. Көрудің маңызы. Көру қызметінің бұзылуы. Көру гигиенасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабаққа Абай университеті Ректор аппаратының басшысы Ишпекбаев Жанатбек Ешенқожаевич, Кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаментінің директоры Найманбаев Алмас Әбдіманапұлы қатысып, білім алушының педагогикалық шеберлігіне оң баға берді.

Сабақ мазмұнды әрі әдістемелік тұрғыдан жүйелі ұйымдастырылды. Білім алушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында заманауи оқыту әдістері кеңінен қолданылып, тапсырмалар сараланып берілді. Сабақ барысында жасанды интеллект элементтері тиімді пайдаланылып, оқушылардың танымдық белсенділігі жоғары деңгейде байқалды.

Сабақ соңында қатысушылар арасында мазмұнды талқылау өтіп, мектеп ұжымы университет тарапына алғыс білдірді. Мектеп әкімшілігі университет басшылығы өкілдерінің қатысуын үлкен мәртебе ретінде бағалап, екіжақты ынтымақтастықтың бұдан әрі де нығая түсетініне сенім білдірді.

Өз сөзінде Жанатбек Ешенқожаевич педагогикалық практиканың ұзақ мерзімді форматта жалғасуының маңызы зор екенін атап өтті. Университет тарапынан мұндай ашық сабақтарға Ректор бастаған басқарма мүшелері мен проректорлардың қатысу тәжірибесі алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатыны айтылды.

Артқа қайту