19.02.2026
Болашақ ұстаздың кәсіби шеберлігі: №123 мектеп-гимназияда өткен мазмұнды ашық сабақ
2026 жылғы 18 ақпанда Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназияда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 4 курс білім алушысы, «Тарих–география» білім беру бағдарламасының студенті Алғысқызы Жаннұры ашық сабақ өткізді.
Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдер тиімді қолданылды. Оқушылардың белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығы ерекше байқалды. Сабақ мазмұндық және әдістемелік тұрғыдан тамаша өтті.
Іс-шараға Кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаментінің директоры Найманбаев Алмас Әбдіманапұлы және Мансап орталығының басшысы Жетібай Рақымберді Қажығалиұлы қатысты.
Мектеп әдіскері сабақтың сапасына жоғары баға беріп, болашақ педагогтың кәсіби дайындығын ерекше атап өтті. Сабақ соңында білім алушы өзіндік талдау жасап, жетістіктері мен алдағы даму бағыттарын нақты көрсетті.
Жаннұрының айтуынша, университет тарапынан ұйымдастырылатын ұзақ мерзімді педагогикалық тәжірибе кәсіби қалыптасуға зор мүмкіндік беріп отыр.