19.02.2026
№147 гимназияда ашық сабақ өтті
2026 жылғы 18 ақпанда №147 гимназияда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 4 курс білім алушысы, «Математика–физика» білім беру бағдарламасының студенті Жаңабайқызы Арайлым ашық сабақ өткізді.
Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдер тиімді қолданылды. Білім алушылардың белсенді қатысуы мен кері байланыс элементтері сабақтың мазмұнын байыта түсті. Ашық сабақ мазмұндық, әдістемелік тұрғыдан тамаша өтті.
Іс-шараға Қаржы және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор Аменова Камиля Амантурлиевна, Кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаментінің директоры Найманбаев Алмас Әбдіманапұлы қатысты.
Абай университетінде педагогикалық тәжірибе барысында ашық сабақтарға Басқарма мүшелерінің қатысуы дәстүрлі түрде жыл сайын жүзеге асырылады. Бұл бастама алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді.