Семинар: «Шағын жинақты мектептер бөлімнің назарында»

Білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту аясында Қызылорда облысы Арал ауданындағы екі шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне «Шағын жинақты мектептер – бөлім назарында» айдарымен онлайн семинар өтеді. Бұл мектептер шет тілдер кафедрасымен серіктестік орнатқан.


Семинардың мақсаты:

Шалғай елді мекендердегі шағын жинақты мектептердегі мұғалімдердің біліктілігін арттыруға қолдау көрсету және тәжірибе алмасу арқылы білім сапасын арттыру.


Тапсырмалар:

- оқытудың заманауи әдістерін енгізу;

- цифрлық технологияларды тиімді пайдалануға үйрету;

- Мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту;

- Бірлескен білім беру ресурстарын әзірлеу және тарату.


Семинарды ұйымдастырушылар: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, филология факультеті, шет тілдер кафедрасы, кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты. - Иватов Серік Құдайбергенұлы; Модератор – филология ғылымдарының кандидаты, м.а. доцент Нурекешова Гүлсім Рахметбекқызы.


Вебинарға қатысушылар:

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Құланды және Көктем шағын жинақты мектептерінің мұғалімдері және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы Танжарикова Алуа Васильевна, Иватов Серік Құдайбергенұлы, Нұрекешова Гүлсім Рахметбекқызы.


Уақыты: 18.03.2025 сағат 15:00. Zoom платформасында онлайн режимінде.