19.03.2025
«6В012 – Химия пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру» бағыты бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиада
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жаратылыстану-география факультеті 2025 жылдың 17-18 сәуір аралығында «6В012 – Химия пәні мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобы бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиадасын өткізеді.
Республикалық олимпиаданың мақсаты – білікті мамандар даярлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушылардың оқу үрдісіне, ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне қызығушылығын арттыру, кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары:
1. Білікті мамандарды даярлау.
2. Дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту.
3. Ғылыми зерттеу қызметіне тарту.
Олимпиада ережелерін төмендегі сілтемеден жүктеп алуға болады: