19.03.2025
«6В015 – Биология пәні мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиада
2025 жылдың 24-25 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жаратылыстану-география факультеті «6В015 – Биология пәні мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиадасын өткізеді.
Олимпиаданың мақсаты: «6В015 – Биология пәні мұғалімдерін даярлау» мамандығы бойынша оқитын дарынды студенттерді анықтау және қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, жеке зияткерлік капиталын қалыптастыруға ықпал ету. Олимпиада сондай-ақ жастардың ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыруға және олардың заманауи ғылыми мәселелерді шешуге қатысуын ынталандыруға бағытталған.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары:
1. Дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
2. Оқушыларды ғылыми-зерттеу әрекетіне тарту;
3. Талантты және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету.
Олимпиада ережесін мына сілтемеден жүктеп алуға болады: