ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ЖАНЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТЕДІ

2026 жылдың  17 ақпан  күні сағат 11:00 - де,  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 8D017-Тілдер және әдебиет бойынша педагогтерді даярлау бағыты бойынша Диссертациялық кеңес жанындағы Ғылыми семинарда  «8D01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша Кдыралиева Жандай Байганиновнаның философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін дайындаған «Ежелгі әдеби мұраларды инновациялық технологиялар арқылы ЖОО-да оқыту» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады.

Ғылыми семинар оффлайн және онлайн форматта өтеді.

 

Диссертация Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық  университетінде орындалған.

 

Семинар тілі – қазақша

 

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:

Балтабаева Гаухар Саядылқызы – филология ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы);

Қоңырбаева Сараш Сахиқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы);

ШЕТЕЛДІК ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІ:

Исмит Четин – Гази университетінің профессоры, Анкара, Түркия мемлекеті.

 

ZOOM https://zoom.us/j/92578528429?pwd=eswzLHkKM0S00waeDmEYJ9zSWbbeLD.1

Конференция идентификаторы: 925 7852 8429

Қол жеткізу коды: 1234

 

Мекенжайы: 050010,  Алматы қаласы, Достық даңғылы 13,

Бас оқу ғимараты  (4-қабат, 412-кабинет).