«МЕНІҢ ЖАСЫЛ БАЛАБАҚШАМ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

Алматы қаласында «Менің жасыл балабақшам» жалпықалалық экологиялық шара өтіп жатыр.


Жоба мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Іс-шара аясында балалар бөлме өсімдіктерін күтіп-баптап, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, экологиялық тәжірибелер жүргізу арқылы табиғатқа жанашырлықты үйренеді.

 

Гүлмира Қапсанова, Абай атындағы ҚАЗҰПУ-нің PhD докторы:

- Ерте жастан экологиялық мәдениетті қалыптастыру балаларға  табиғатты сүю дағдыларын үйрете отырып, сонымен қатар болашақта экологияны қорғайтын, экологиялық сауатты азаматтарды тәрбиелеуге ықпалын тигізеді.

 

Дереккөз: qazaqstan.tv