«Орталық Азиядағы биоәртүрлілікті зерттеу, сақтау және ұтымды пайдалану» атты жас ғалымдардың ІІІ Халықаралық ғылыми конференциясы

2025 жылдың 11 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті және И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік педагогикалық университеті «Орталық Азиядағы биоәртүрлілікті зерттеу, сақтау және ұтымды пайдалану» атты жас ғалымдардың ІІІ халықаралық ғылыми конференциясын өткізеді. Конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар шақырылады.


Конференция тілі: ағылшын, қазақ, өзбек, қырғыз, орыс.


Формат: ZOOM платформасы (конференцияға қатысу үшін сілтеме қосымша жіберіледі, сонымен қатар университеттің веб-сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады).

Конференцияның өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, жаратылыстану-география факультеті, көш. Қазыбек би 30.


Конференция материалдарын biologyia23@mail.ru электронды поштасына жіберу керек.