БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДАН БАСТАЛАДЫ

 

Бүгін Абай университетіне «Менің мектебім» орта мектебінің оқушылары арнайы ат басын бұрды. Биылғы оратмектепті бітіретін болашақ түлектер университеттің тыныс-тіршілігімен танысып, мамандық таңдауға кеңес алды. Еліміздің үздік педагогикалық жоғары оқу орнында жүргізілетін білім беру бағдарламалары, жұмыспен қамту және академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері айтылды. Оқушылар өз сауалдарына жауап алып,  университет музейін тамашалады.


Қазіргі уақытта елімізде қаңтар айындағы Ұлттық біріңғай тестілеу (ҰБТ) өтіп жатыр. Республика бойынша аталған  ҰБТ-ға қатысуға 187 мың адам өтініш берген. Оның ішінде 90 мың талапкер сынақтан өтіп, 65% шекті бал жинаған. Бұл ҰБТ нәтижесі түлектерге ЖОО-ларға ақылы түрде оқуға түсуге мүмкіндік береді.


Мектеп бітіруші түлектердің болашақ кәсіби бағытын саналы түрде айқындауы – білім беру жүйесіндегі маңызды міндет. Осыны бек түсінген Алматы облысында орналасқан «Менің мектебім» орта мектебінің 11-сынып оқушылары бүгні Абай университетінің материалдық-техникалық базасымен танысуға келді.


Оқушылар ең алдымен тұңғыш жоғары оқу орнының тарихымен, ғылыми әлеуетімен танысты. Университет факультеттерінде оқытылатын мамандықтармен, студенттердің тәжірибелік және жұмыспен қамтылу деңгейімен жан-жақты танысты. Жаратылыстану және география, Тарих және құқық факультетінің оқытушылары мамандықтардың еңбек нарығындағы қажеттіліктеріне тоқталды. Мемлекеттік және аймақтық грант мүмкіндіктері айтылып, Абай университетінің оқу зертханалары және оқыту базасы таныстырылды.


Айта кетейік, жыл сайын Абай университетін таңдайтын талапкерлер артып, студенттер қатары да көбейіп келеді. Білім алушылар педагогикадан бөлек, менеджмент, саясаттану, өнер, құқық, экономика салалары бойынша да білім алады. Шетелдік жетекші университеттермен ынтымақтастық орнатып, өткен жылы академиялық ұтқырлық аясында 250-ге жуық студент алыс-жақын шет елдерде білімдерін жетілдіріп, ой-өрістерін кеңейтіп қайтты. Абай университеті жаһандық жоғары білім беру ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, халықаралық стандарттарға сай маман даярлап келеді.

 

«Abai University» медиа орталығы