«БИОӘРТҮРЛІЛІК ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ» атты халықаралық қатысушылармен дөңгелек үстел өтті

«БИОӘРТҮРЛІЛІК ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ» атты халықаралық қатысушылармен дөңгелек үстел өтті

2025 – жылдың 4-желтоқсанында б.ғ.д., профессор еліміздің ресурстану, геоботаника, этноботаника салаларын зерттеуде үлкен үлес қосқан Айдарбаева Докторхан Кайсарбекқызының 70 жылдық мерейлі жасына арналған «БИОӘРТҮРЛІЛІК ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ» атты халықаралық қатысушылармен дөңгелек үстел өтті.


Дөңгелек үстелге Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Зерттеу ісі жөніндегі проректоры, PhD Ертай Сұлтан, «Жаратылыстану және география» факультетінің деканы, г.ғ.д., профессор, Каймулдинова Күләш, «Ботаника және фитоинтродукция институтының» бас директоры, б.ғ.д., ҚазҰЖҒА академигі, профессор, Ситпаева Гүлнара, «Биология» кафедрасының меңгерушісі, PhD, аға оқытушы, А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті, п.ғ.д., профессор, Азизова Ирина, «Биология және биотехнология» факультетінің деканы, аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, б.ғ.д., профессор, Құрманбаева Меруерт,  п.ғ.д., профессор, академик, Шілдебаев Жұмаділ, «Зоология және анатомия» кафедрасының меңгерушісі, Низами атындағы ТашМПУ, б.ғ.д., профессор, Шахмурова Гульнара, Халықаралық Астана университетінің бірінші вице-президенті, б.ғ.д., профессор, Мырзағалиева Анар, И. Арабаев атындағы ҚМУ, б.ғ.к., доцент, Сазыкулова Гульбайра, б.ғ.к, профессор, Иманкулова Софья, философия докторы, профессор Ақдениз университеті, Ахмет Аксой, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, б.ғ.д., профессор, Кентбаева Ботагөз, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, б.ғ.к., қауым. профессор, Қали Алмагүл, Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, «Ғылымметрия және ғылыми кадрларды даярлау» бөлімінің басшысы, б.ғ.к., қауым. профессор, Өксікбаев Берікжан, «Жаратылыстану» институтының директорының орынбасары, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, PhD, Батаева Дариға, «Ботаника және агроэкология» кафедрасының меңгерушісі, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, б.ғ.к., профессор, Ахтаева Нұрсұлу, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті,б.ғ.к., қауым. профессор, Әнуарова Ләйлә, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, б.ғ.к., қауым. профессор, Игесінова Жамал, Термес мемлекеттік университеті, б.ғ.к., доцент, Суллиева Сулув, Тұран университеті, б.ғ.к., профессор, Атикеева Сайран және «Биология» кафедрасының ПОҚ, білім алушылары қатысты.


Конференцияны ұйымдастырушылар: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, «Биология» кафедрасы - Ізбасарова Р.Ш., п.ғ.к, профессор; Джунусова Р.Ж., Phd, аға оқытушы; Талдыбай А.А., Phd, аға оқытушы; Джарылкапова С.Е., аға оқытушы, магистр; Башенова М.А., оқытушы, магистр; Сейдехан М., докторант.


Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

«Климаттың өзгеруі жағдайында өсімдік жамылғысын сақтау»

«Жануарлардың әртүрлілігін зерттеу  және сақтау: проблемалары мен болашағы».

«Ғылым мен білім интеграциясы».

Артқа қайту