Кафедраның кеңейтілген мәжілісі өтеді

2026 жылғы 30 қаңтарда сағат 11:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы Диссертациялық кеңесте Сахипова Гаухар Кутыбаевнаның «Ағылшын тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының интеллектуалдылығын дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады.

Аталған диссертациялық жұмыс 8D013 – Пәндік мамандандырусыз мұғалімдерді даярлау білім беру бағыты бойынша (6D01303 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі) философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындалған.

Диссертациялық кеңес жанындағы ғылыми семинар онлайн және офлайн форматтарда өткізіледі.

Диссертациялық жұмыс Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде орындалған.

Семинардың жұмыс тілі – орыс тілі.

 

Ғылыми кеңесшілер:

Жазыкова Макпал Қожагалиевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (Ақтөбе қ., Қазақстан)

Каргапольцева Наталья Александровна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Орынбор мемлекеттік университеті (Орынбор қ., Ресей Федерациясы)


ZOOM:

https://zoom.us/j/3884347781?pwd=aQgoDZY6a4Tj27CUXeUND1Ja9WxjIq.1&omn=95311304362

Конференция идентификаторы: 388 434 7781

Қол жеткізу коды: 110500

Мекенжайы: 050010, Алматы қ., Төле би көшесі, 31, 13-аудитория.