Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2025 жылға арналған университетішілік ғылыми жобаларының қорытындылары

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2025 жылға арналған университетішілік ғылыми жобаларының қорытындылары

 

 

2026 жылдың 16 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде университетішілік ғылыми жобалардың қорытынды есептерін тыңдау отырысы өтті. Аталған отырыста халықаралық, интеграциялық, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне арналған сондай-ақ «Жас ғалым» бойынша жүзеге асырылған 43 ғылыми жобаның есептері Ғылыми-консультативтік кеңес отырысында тыңдалды.  

Жоба жетекшілері мен орындаушылары есептік кезеңде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының мазмұны, қол жеткізілген нәтижелері, жарияланған ғылыми мақалалары, әзірленген оқу-әдістемелік материалдары, сондай-ақ ғылыми-зерттеу ұйымдары және шетелдік серіктестермен бiрлесе өткiзген іс-шаралары, қатысқан конференциялары, семинарлары туралы баяндады.

Ғылыми-консультативтік кеңес отырысында әр ғылыми жоба бойынша тиісті қорытынды шешімдер қабылданып, болашақта коммерцияландыру әлеуеті жоғары жобалар іріктелініп алынды. Сондай-ақ, қаланы көркейту, білім беру процесін жетілдіру және қала ландшафтының дамуына үлес қосу мүмкіндігіне қарай перспективті жобаларды жергілікті атқарушы органдардың қарауына ұсынылды.  

Артқа қайту