16.01.2026
Абай университеті жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі республикалық форумға қатысты
2026 жылғы 15-16 қаңтар күндері Астана
қаласындағы Назарбаев Университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары
білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету:
жай-күйі мен даму перспективалары» атты форум өтті.
Форум жұмысына Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Б.Тілеп, Академиялық
қызмет жөніндегі проректор Б.Нарбекова қатысып,
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын арттыруға бағытталған
өзекті мәселелерді талқылады.
Іс-шара аясында халықаралық аккредиттеу агенттіктері — QAA, ASIIN және НААР өкілдерінің қатысуымен воркшоптар ұйымдастырылды. QAA агенттігі өткізген «Сыртқы стейкхолдерлердің жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету мен арттырудағы рөлі» тақырыбындағы сессияда білім беру бағдарламаларын әзірлеу, мониторинг және бағалау үдерістеріне жұмыс берушілер мен индустрия өкілдерін тартудың маңызы қарастырылды.
Форумның екінші күні ғылыми қызмет
нәтижелерінің сапасын бағалаудың жаңа тәсілдері, докторантураны дамыту,
диссертациялық кеңестер қызметі және білім беру жүйесіне жасанды интеллект
элементтерін енгізу мәселелері талқыланды.
Пленарлық отырыс барысында жоғары білім мен
ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз етудің қазіргі үрдістері ұсынылып, QAA
аккредитация сертификаттарын табыстау рәсімі өтті.
Абай университеті үшін форумға қатысу халықаралық стандарттарға сай сапа мәдениетін дамытуға, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және академиялық қауымдастықпен кәсіби диалогты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.