География және экология кафедрасының кеңейтілген мәжілісі өтеді

2026 жылдың 26 қаңтарда сағат 15.00-де «6D011600 – География» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін дайындаған Бейкитова Альбина Нұрахметқызының «Болашақ география пәні мұғалімдерінің картографиялық іс-әрекетін қалыптастырудың әдістемесі» тақырыбындағы диссертациясы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география факультеті, География және экология кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланады.

 

Кафедраның кеңейтілген мәжілісі оффлайн және онлайн форматта өтеді.

Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

 

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:

Отандық ғылыми кеңесші: Каймулдинова Күләш Дүйсенбайқызы – география ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан);

Шетелдік ғылыми кеңесші: Верещагина Наталья Олеговна – педагогика ғылымдарының докторы, доцент, Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университеті (Санкт-Петербург, Ресей).

 

РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Саипов Әбдімәжіт Аманжолұлы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);

Какимжанов Еркин Хамитұлы – PhD, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан);

Мұздыбаева Қарлығаш Қаманайқызы – география ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).

 

ZOOM: https://zoom.us/j/96024682244?pwd=XzLYPbWMVcUqUY9XyFnTNruIOzrwtw.1

Конференция идентификаторы: 960 2468 2244

Код доступа: 1234

Мекенжайы: Алматы қаласы, Қазбек би, 30, Жаратылыстану және география факультеті (6-қабат, 616 аудитория).