26.11.2025
Абай университетінің 341 студенті оқу ақысына жеңілдік алды
Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерін әлеуметтік қолдау
мақсатында 2025-2026 оқу жылында әлеуметтік көмекке мұқтаж білім алушылар үшін
оқу ақысына 10% - дан 100% - ға дейін жеңілдіктер қарастырылған болатын.
Білім алушылардың оқу ақысына жеңілдіктер беру тәртібі туралы Ережеге сәйкес,
2025 жылдың 15 қыркүйегі мен 10 қазан аралығында оқу ақысына жеңілдік алу үшін
өтінім қабылданды.
Нәтижесінде, комиссия шешімі бойынша жалпы саны - 341 студенттің оқу ақысына
жеңілдік берілді.