TEDx форматындағы «Болашақ бастауыш мұғалімі: идеядан - іске, білімнен - шабытқа» идеялар фестивалі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 2025 жылдың 24 қараша күні TEDx форматындағы «Болашақ бастауыш мұғалімі: идеядан - іске, білімнен - шабытқа» идеялар фестивалі өтеді.

 

Өткізу форматы: онлайн/офлайн.

 

Фестивальдің мақсаты: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық және креативті ойлау қабілеттерін TEDx форматындағы тәжірибе арқылы дамыту, командалық коллаборацияны қалыптастыру және педагогикалық идеяларды мақсатты-зерттеуші ортамен бөлісу мәдениетін жетілдіру.

 

Фестивалге қатысушылар:

Фестивальге келесі жоғары оқу орындары мен колледждердің білім алушылары қатысады:

1. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
2. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;
3. SDU University;
4. Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті;

 

Әр оқу орнынан 1 команда құрылады. Бір команда құрамында 5 білім алушы болады.

 

Фестивальді ұйымдастырушылар:

Бастауыш білім беру кафедрасының «Bilim veсtory» студенттік ғылыми клубы. Фестиваль «Білім алушылар арасындағы кәсіби коллаборация - университеттік ортада білім алмасу мен зерттеу жүргізудің жаңа форматы» (№05-04/250, 03.04.2025 ж.) ғылыми-зерттеу жобасы негізінде үйымдастырылады. Жобаны жүзеге асырушылар: Базарбекова Р.Ж., Амангелдіқызы А., Еркебаева С.Ж.

Өтетін уақыты мен орны: 2025 жыл, 24 қараша, сағ. 11:00. Абай атындағы ҚазҰПУ, Бас оқу ғимараты, 225-конференция залы

Мекенжайы: Алматы қаласы, Достық көшесі, 13

Онлайн тіркелу сілтемесі: bilim.vectory@mail.ru, Телефон номері: 87051875571

 

1-кезең бойынша нәтижесі мен марапаттар:

Best University Image - (Үздік университет бейнесі)
Most Creative Team - (Ең креативті команда)
People`s Choice (Көрермен көзайымы)
Inspiring Teaching Idea - (Шабыттандыратын педагогикалық идея)
Best Visual Storytelling - (Ең әсерлі визуалды баяндау)


2-кезең қорытындысы бойынша:

1 орын - 50 000 теңге
2 орын - 30 000 теңге
3 орын - 20 000 теңге
4 орын - 10 000 теңге

Барлық қатысушыларға алғыс хаттар, сертификаттар және «EduTrend Star» сыйлығы табысталады.