26.11.2026
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС ЖОСПАРЛАРЫ САРАЛАНДЫ
Бүгін факультет декандары және институт директоры орынбасарларының қатысуымен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және жетілдіру мәселелеріне арналған жиын өтті. Іс-шара барысында олардың ғылыми-зерттеу қызметінің қазіргі жай-күйі сараланып, атқарылған жұмыстардың нәтижелері мен негізгі көрсеткіштері бойынша есептер тыңдалды.
Құрылым басшылары жүзеге асырылған жобаларын, ғылыми кадрларды даярлау, зерттеу белсенділігін арттыру және инновациялық бастамаларды қолдау бағытындағы жұмыстарын таныстырды.
Қатысушылар алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстың негізгі бағыттарын талқылады. Факультет және институттар арасындағы байланысты нығайтуға, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға және тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.
Университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін жүйелі түрде дамыту, ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыру, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер жұмысының тиімділігін күшейту жиынның басты мақсаты болды. Жиында әр факультет пен институттың өкілдері атқарылған жұмыстармен қатар алдағы жоспарларын да көрсетті. Олар белгіленген міндеттерді жүзеге асыру тетіктеріне тоқталып, ғылыми қызметті жандандыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды. 2026-2027 оқу жылына арналған ғылыми-зерттеу қызметінің перспективалы бағыттары мен басым міндеттері айқындалды.
Жиын қорытындысында ғылыми қызметтің нәтижелілігін арттыру, зерттеу жобаларына оқытушылар мен жас ғалымдарды кеңінен тарту, ғылыми жарияланымдардың сапасын жақсарту және факультеттер мен институттардың бірлескен бастамаларын қолдау бойынша тиісті ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта белгіленген міндеттерді жүйелі түрде орындап, олардың жүзеге асыру барысын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі атап өтілді.
«Abai University» медиа орталығы