23.11.2026
АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҚТАРҒА ИЕ БОЛДЫ
Астанада Іс-шара III Халықаралық стратегиялық әріптестер басқосуы аясында «QS Eurasia Forum 2026» халықаралық форумы болып өтті. Оған еліміздің жетекші университет басшылары, мемлекеттік орган өкілдері, халықаралық сарапшылар мен оқытушылар және студенттер қатысты. Маңызды жиында Абай университетіне «QS World University Rankings 2027» және «QS Stars Awards» сыйлықтары табысталды.
«Measuring What Matters» («Шын мәнінде маңызды нәрсені өлшеу») девизімен өткен форумда жоғары білім беруді дамытудың негізгі үрдістері, жасанды интеллектіні енгізу, еңбек нарығының трансформациясы, халықаралық академиялық ынтымақтастық және университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды. Форумға Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректор Болат Анапияұлы бастаған делегация арнайы барды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «QS Quacquarelli Symonds» компаниясының негізін қалаушы Нунцио Квакварелли және халықаралық сарапшылар форумда сөз сөйлеп, жоғары білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін көтерді. Бағдарламаға сай «QS World University Rankings 2027» нәтижелері жарияланып, «QS Stars Awards» марапаттары табысталды. Рейтинг қорытындысы бойынша Абай университеті әлемдік жоғары оқу орындары арасында 634-орынға тұрақтап, отандық университеттер қатарында 4-орынды иеленді.
Халықаралық форум аясында Абай университетінің басшылығы QS Quacquarelli Symonds өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту және халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейту мәселелерін талқылады. Соның ішінде білім ордасының 100 жылдық мерейтойына орай 2028 жылы «QS World University Rankings and QS Stars Awards» халықаралық марапаттау рәсімін Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасында өткізуге айрықша назар аударылды.
Ғасырлық мерейтой қарсаңында халықаралық ауқымды іс-шараны өткізу жылдың маңызды оқиғасына айналып, академиялық әріптестік шеңберін кеңейтуге мүмкіндік береді. Жаһандық жоғары білім беру қауымдастығының назарын университеттің ғылыми-білім беру әлеуетіне аударуға ықпал етеді.
«Abai University» медиа орталығы