23.11.2026
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС ЖАНЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТЕДІ
2026 жылдың 3 желтоқсан күні сағат 12.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 8D003-Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді (8D01303-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі) даярлау бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Диссертациялық кеңес жанындағы ғылыми семинарда «8D01301-Бастауыштта оқыту педагогикасы және әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша докторант Сары Болған Бақдәулетқызының «Болашақ мұғалімдерді бастауыш сынып оқушыларын мамандыққа бейімдеуге дайындау» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады.
Ғылыми семинар онлайн және оффлайн форматта өткізіледі.
Диссертация Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде орындалды.
Семинар тілі - қазақша.
Ғылыми кеңесшілер:
Жусупова Жанна Азатовна - педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің қауымд профессор м.а, (Алматы қ., Қазақстан).
Фоминых Наталья Александровна - педагогика ғылымдарының докторы, Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің профессоры, (Мәскеу қ.,Ресей).
ZOOM: https://zoom.us/j/97643818221?pwd=LhkbfjjlYzQZBpXGbx8dWQHtFmEnP5.1
Идентификатор: 976 4381 8221
Код: 1234
Мекен жайы: 050010, Алматы қ., Төле би, 31, (13 аудитория).