19.11.2026
Студенттердің бос уақытын мәдени әрі мазмұнды өткізуі
2026 жылдың қараша айында “Тіл-таным” клубының мүшелері, орыс тілінде білім алатын 1-курс студенттері Ғабит Мүсірепов атындағы театрға барып, Дулат Исабековтің “Әпке” пьесасы бойынша сахналанған қойылымды тамашалады. Театрға баруды клуб жетекшісі Меруерт Сәрсебекқызы Алибаева ұйымдастырды.
Қойылым студенттерге отбасы мүшелерінің бір-біріне қолдау көрсетуі, бауырларға қамқор болу, ата-ананың еңбегін қадірлеу және жақындарына мейірім таныту сияқты құндылықтар туралы ой салды. Қойылымнан кейін студенттер кейіпкерлердің іс-әрекеті жөнінде пікір алмасып, алған әсерлері мен отбасылық қарым-қатынас туралы ойларын эссе түрінде жазды. Бұл тапсырма олардың өз көзқарасын қазақ тілінде жазбаша жеткізуіне мүмкіндік берді.