Факультет пен мектеп ынтымақтастығы: білімді ұрпақ, біртұтас тәрбие

Факультет пен мектеп ынтымақтастығы: білімді ұрпақ, біртұтас тәрбие

18 қараша күні  Филология факультеті Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі  мен академик С.Қирабаев атындағы Қазақ әдебиеті кафедрасы және оқыту әдістемесі кафедралары №81 мектеп-гимназиясымен мемерондумға отырып,  «Тіл мен тағылым: білімді ұрпақ, біртұтас қауымдастық» тақырыбы аясында Тіл апталығын өткізді. Мектеп директоры Н.К. Садыкова, филология факультетінің деканы Б.Т.Тлеубекова факультет пен мектеп ұжымының бірлескен іс-әрекеттері мемлекеттің «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыруда оң нәтиже беретіндігін, Абай университетінің 100 жылдық мерейтойына қатысты атқарылатын шараларға бірлесіп атсалысатынын алға тартты.

Кафедра меңгерушілер Е.С.Қасенов пен Ш.Д.Құттыбай «Тіл мен тағылым: білімді ұрпақ, біртұтас қауымдастық» тақырыбында өткізілген тіл апталығының қазақ тілінің өміршеңдігіне, болашағына, ұрпақ танымына  жетелейтін  ауқымды сипатына баға беріп, құттықтау сөздер айтты.

Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры Гүлбану Қосымова «Көне түркі ескерткіштер тілі» деген тақырыпта білім алушылар мен ұстаздарға дәріс оқып,  тамыры 5 мың жылдарға кететін қазақ тілінің көне түркі тілінің мұрагері екендігін Орхон, Енисей, Талас ескерткіштер тілінің  лексика-грамматикалық сипаты мен сөзжасамдық жүйесінің ұқсастығы арқылы дәлелдеді.

Кеш соңында «Кітап оқитын ұлт» тақырыбында тартымды кеш өтті. Онда М.Жұмабаевтың «Педагогика» кітабы түрлі тәсілдермен талданды. Осы іс-шаралардың ұстаздар мен білім алушылар үшін де берері мол болды.

Артқа қайту