20.11.2026
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2026» атағын беру конкурсының І Университетішілік кезеңінің қорытындысы
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2026» конкурсының университетішілік І кезеңі ағымдағы жылдың 5 – 18 қараша аралығында өтті. Конкурсқа қатысушы үміткерлер жетістіктерінің сандық-сапалық көрсеткіштері, ашық сабақ өткізу және сауалнама қорытындысы жан-жақты талқыланды. Университетішілік конкурстың нәтижесінде (сараптама тобының қорытындысы негізінде) 19 үміткердің конкурстық құжаттамасы Республикалық кезеңге ұсынылды.