20.11.2026
Химия кафедрасында ғылыми-әдістемелік семинар өтті
2026 жылғы 20 қарашада Химия кафедрасында профессор-оқытушылар құрамының өзара тәжірибе алмасуына бағытталған ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинар аясында химия ғылымдарының кандидаты, доцент Х. А. Дюсебаев кафедраның профессор-оқытушылар құрамына «Гиллеспи теориясы: химиялық заттардың құрылысы» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында Гиллеспи теориясының негізгі қағидалары, молекулалардың кеңістіктік құрылысын анықтаудағы маңызы және химиялық заттардың құрылысын түсіндірудегі рөлі жан-жақты қарастырылды.
Іс-шара профессор-оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіруге, ғылыми-әдістемелік тәжірибе алмасуға және кафедрадағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.