20.11.2026
Химия кафедрасында студенттер мен магистранттардың 81-ші дәстүрлі ғылыми-зерттеу конференциясы өтті
2026 жылғы 18–19 қарашада Жаратылыстану және география факультеті, Химия кафедрасында студенттер мен магистранттардың 81-ші дәстүрлі ғылыми-зерттеу конференциясы өтті.
Конференцияның негізгі мақсаты – жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін қолдау, олардың зерттеу нәтижелерін ғылыми қауымдастыққа таныстыру, тәжірибе алмасуына жағдай жасау және ғылыми мәдениетті дамыту.
Іс-шара екі секция бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылар химия, педагогика, жаратылыстану ғылымдары және білім берудегі инновациялар бағыттары бойынша ғылыми баяндамалар жасап, заманауи ғылым мен білім берудің өзекті мәселелерін талқылады. Ұсынылған ғылыми жұмыстар тақырыптарының өзектілігімен, инновациялық идеяларымен және әдістемелік шешімдерімен ерекшеленді.
Секция төрайымдары мен комиссия мүшелері қатысушылардың ғылыми дайындық деңгейін бағалап, үздік жұмыстарды анықтады. Конференция барысында студенттер мен магистранттар зерттеу нәтижелерін таныстырып қана қоймай, өзара пікір алмасуға, кәсіби байланыстар орнатуға және ғылыми ізденістерінің аясын кеңейтуге мүмкіндік алды.
Конференция студенттер мен магистранттардың зерттеушілік құзыреттерін дамытуға, академиялық мәдениетті нығайтуға және университеттің ғылыми-инновациялық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосты.
Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге белсене атсалысқан студенттер мен магистранттарға, ғылыми жетекшілерге, оқытушыларға және комиссия мүшелеріне шынайы алғыс білдіреміз.