Диссертациялық кеңес жанындағы ғылыми семинар өтеді

Диссертациялық кеңес жанындағы ғылыми семинар өтеді

2026 жылдың 30 қараша күні сағат 11:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 8D023 – Тілдер және әдебиет (6D020500/8D02301 – Филология / 6D020500/8D02308 – Әдебиеттану)  бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Диссертациялық кеңес жанындағы ғылыми семинарда «6D020500 – Филология» білім беру бағдарламасы бойынша докторант Калиев Болат Назымовичтің «Эволюция диалектной языковой личности: на материале русских говоров Северного Казахстана» («Диалектілік тілдік тұлғаның эволюциясы: Солтүстік Қазақстанның орыс говорлары материалы негізінде») тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады.

Ғылыми семинар офлайн және онлайн форматта өтеді.

Диссертациялық жұмыс А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде орындалған.

Семинардың жұмыс тілі – орыс тілі.

Ғылыми кеңесшілер 

Ахметова Бигайша Зейнулльевна – филология ғылымдарының кандидаты, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің қазақ және орыс тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Астана қ., Қазақстан).

Карабулатова Ирина Советовна – филология ғылымдарының докторы, профессор, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Жасанды интеллект және зияткерлік жүйелер проблемалары перспективті зерттеулер институтының «Машиналық оқыту және семантикалық талдау» зертханасының жетекші ғылыми қызметкері (Мәскеу қ., Ресей).

ZOOM https://zoom.us/j/91206852415?pwd=32MUBzbCOa6sQFwy8XhCO8yckMSWid.1

Конференция идентификаторы: 912 0685 2415

Қолжетімділік коды: 411354

Өтетін орны: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, Бас оқу ғимараты, 4-қабат, 408-аудитория.

Артқа қайту