ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚАЛДЫҚТАРДЫ СҰРЫПТАУ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚАЛДЫҚТАРДЫ СҰРЫПТАУ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

Бүгін, 16.11.2026 жылы «Аяла» экоклубының белсенділері Жаңабай Г., Ерзатқызы А., Нұрлыбекова Б. және Сақытжан А. «Қалдықтарды сұрыптау және жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында экологиялық тренинг өткізді.

Іс-шараға «География-Тарих» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері (100 студент), сондай-ақ «Экология» білім беру бағдарламасының 2 және 4-курс студенттері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны шамамен 120 студентті құрады.

Кездесу барысында студенттер қалдықтарды дұрыс сұрыптау қағидаларымен танысып, оларды қайта пайдалану және қайта өңдеу мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар жауапты тұтынудың негізгі тәсілдерінің бірі ретінде 12R тұжырымдамасы туралы ақпарат алды.

Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы да қатысты:

* Бакирова К.Ш. — педагогика ғылымдарының докторы, профессор;

*Иркитбаев Сәкен Нұрқайдарұлы — география және экология кафедрасының доценті;

* Балтөре Д.Т. — магистр, оқытушы.

Мұндай іс-шараларды өткізу студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыруға, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін дамытуға және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

«Аяла» экоклубы Абай атындағы ҚазҰПУ қабырғасында қалдықтарды басқару және қоқысты дұрыс сұрыптау бойынша экологиялық бастамаларды насихаттау жұмыстарын жалғастыруда.

Аталған ағартушылық тренингтердің негізгі мақсаты — студенттердің қайта өңдеуге жататын қалдықтардың таңбалану белгілерін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру, экологиялық санасы мен мәдениетін дамыту.

Артқа қайту