16.11.2026
А.Е. Жаксылыковтың философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 8D015 – Жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша педагогтарды даярлау (6D011100/8D01507 – Информатика) бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңесте «6D011100 – Информатика» мамандығы бойынша ізденуші Жаксылыков Асет Егнаевичтің «Жоғары оқу орны студенттерінің программалаудан білімін бақылаудың интеллектуалдық моделін жасау және іске асыру» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы қорғалады.
Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.
Қорғау түрі - диссертация. Қорғау тілі - қазақша.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:
Сагимбаева Айнур Есенгазыевна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
Гриншкун Вадим Валерьевич – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті (Мәскеу қ., Ресей).
РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Базарбаева Айнур Маратовна – PhD, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
Токжигитова Нургуль Каирбаевна – PhD, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан);
ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ УАҚЫТША МҮШЕЛЕРІ:
Уваров Александр Юрьевич – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Ғылым академиясы А.И. Берг атындағы Кибернетика және білім беру информатикасы институты (Мәскеу қ., Ресей) (мамандық шифры 13.00.02);
Мухамбетжанова Сауле Талапеденовна – педагогика ғылымдарының докторы, доцент, «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы, ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың республикалық институты (Алматы қ., Қазақстан) (мамандық шифры 13.00.02);
Асаинова Алмагуль Жаяковна – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті (Павлодар қ., Қазақстан)
Диссертацияны қорғау 2026 жылы 15 желтоқсан сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтеді.
Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, (3-қабат, 306-кабинет).
Сайт: https://abai.university/
Байланыс нөмері: +7(747) 287 9777
ZOOM https://zoom.us/j/95710033427?pwd=2YAaIXUg6FrOD3Kym062BzuyrNlJQo.1
Идентификатор: 957 1003 3427
Код: 1234
YouTube: https://www.youtube.com/@abaiuniversity1928
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері
Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба
Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы бұйрық