Абай университетінің студенті «Хаковские чтения – 2026» халықаралық ғылыми конференциясына қатысты

Абай университетінің студенті «Хаковские чтения – 2026» халықаралық ғылыми конференциясына қатысты

2026 жылғы 21–22 қазан күндері Татарстан Республикасының Қазан қаласында Қазан федералдық университетінің ұйымдастыруымен көрнекті ғалым, профессор В.Х. Хаковтың туғанына 100 жыл толуына орай «Хаковские чтения – 2026» Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Аталған ғылыми конференцияға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің “Филология” бөлімінің деканы Тлеубекова Ботакөз Тұрғамбайқызы, кафедра меңгерушісі  Қасен Ерлан Сламбекұлы қолдауымен, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы Бақбергенова Роза жетекшілігімен Филология факультетінің «6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Жансеит Ақжелкен Алиарханқызы қатысып, «Методические основы обучения стилистическим и семантическим особенностям единиц речевого этикета» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.

Баяндамада қазақ және татар тілдеріндегі сөйлеу этикетінің стилистикалық және семантикалық ерекшеліктері, олардың тілдік қолданыстағы сипаты мен оқытудың әдістемелік негіздері жан-жақты қарастырылды.

Ғылыми жетекшісінің қолдауы мен бағыт-бағдарының нәтижесінде студент халықаралық ғылыми ортада өз зерттеу нәтижелерін таныстырып, академиялық тәжірибесін толықтыруға, ғылыми ізденісін тереңдетуге және түркі тілдерін зерттеу саласындағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Конференция қорытындысы бойынша Жансеит Ақжелкен Алиарханқызы арнайы сертификатпен марапатталды.

Бұл ғылыми сапар студенттің кәсіби және ғылыми әлеуетін арттыруға, болашақ филолог әрі педагог ретінде қалыптасуына, сондай-ақ Абай университетінің халықаралық ғылыми байланыстарын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

Артқа қайту