16.11.2026
Абай атындағы ҚазҰПУ-да философия, этика және мәдениеттануды оқытудың өзекті мәселелері талқыланады
2026 жылдың 17 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ
Жамбыл көшесі, 25 мекенжайында (2-қабат, конференц-зал) сағ.14.00-де ҚАЗАҚСТАН
ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ: ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАР ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» атты IV
қазақстандық философиялық конгресс аясында «ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДА ФИЛОСОФИЯНЫ,
ЭТИКАНЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» атты
халықаралық дөңгелек үстел өтеді.
Халықаралық
дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – қазіргі Қазақстандағы философия, этика және
мәдениеттану пәндерін оқытудың өзекті мәселелерін талқылау, олардың жоғары
білім беру жүйесіндегі орны мен маңызын айқындау, сондай-ақ гуманитарлық білім
берудің мазмұнын жетілдіру жолдары мен даму перспективаларын саралау.
Шараны Абай
атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультетіндегі Гуманитарлық ғылымдар
кафедрасы ұйымдастырып отыр.
Халықаралық
дөңгелек үстелге философия, этика және мәдениеттану салаларында зерттеу
жүргізетін отандық және шетелдік ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары
мен сала мамандары қатысады. Қатысушылар қатарында Қазақстанның жоғары оқу
орындары мен ғылыми ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Жапония, Түркия және
Өзбекстан ғалымдары бар.
Дөңгелек
үстел қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.
БАЙЛАНЫС
АҚПАРАТЫ
+77077264713 (Шаңбаева Арайлым)
+77475192938 (Арипжанова Ұлдана)
+77016026291 (Қалдыбаева Арайлым)
Электрондық пошта: gumanitarnyhnaukkafedra@gmail.com