Химия кафедрасында ғылыми-әдістемелік семинар өтті

Химия кафедрасында ғылыми-әдістемелік семинар өтті

2026 жылғы 13 қарашада Химия кафедрасында ғылыми семинар өтті.

Семинар барысында Садыков Қанат Әмірқұлұлының 6D011200 – «Химия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін әзірленген «Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы курсында студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін дамытуға бағытталған зертханалық жұмыстарды ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы тыңдалып, талқыланды.

Сондай-ақ қысқы кезеңде оқуын аяқтайтын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы қарастырылды.

Сонымен қатар З. О. Унербаева мен А. С. Баймагамбетова әзірлеген «Химия негіздерін оқытудың педагогикалық-психологиялық аспектілері» оқулығы талқылауға ұсынылды.

Артқа қайту