04.11.2026
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНДА PhD ДӘРЕЖЕСІН АЛУ ҮШІН ДАЙЫНДАЛҒАН ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ АЛДЫН АЛА ТАЛҚЫЛАНУЫ ӨТТІ
2026 жылдың 4 қарашасында сағат 14:00 - де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультеті, Педагогика және психология кафедрасында 6D010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін дайындаған Сеитова Акбота Леспековнаның «Болашақ педагогтың кәсіби өзіндік сана-сезімін «мектеп-жоғары оқу орны» жүйесінде дамыту» тақырыбындағы диссертациясы кеңейтілген мәжілісінде талқыланды.
Кафедраның кеңейтілген мәжілісі оффлайн және онлайн форматта өткізілді.
Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.
Қорғау тілі - қазақ тілінде.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:
Абдигапбарова Улжарқын Муслимовна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
Türker Kurt – PhD, профессор, Гази университеті (Анкара, Түркия).
РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
Нуржанбаева Жанат Оралбайкызы - PhD, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, (Шымкент қ., Қазақстан);
Жұмабаева Азия Елеупанқызы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);
Жүндібаева Тұрархан Нұрмаханқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, университеттің қауымдастырылған профессоры, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).