«Тұрақты қалалар және урбанизация» (ТДМ 11) тақырыбы аясында «Алматыдағы қарқынды құрылыс, қала инфрақұрылымына түсетін жүктеме, жасыл аймақтарды сақтау және жайлы қала қалыптастыру» атты дөңгелек үстел өтті.

«Тұрақты қалалар және урбанизация» (ТДМ 11) тақырыбы аясында «Алматыдағы қарқынды құрылыс, қала инфрақұрылымына түсетін жүктеме, жасыл аймақтарды сақтау және жайлы қала қалыптастыру» атты дөңгелек үстел өтті.

10 қараша 2026 жылы «Тұрақты қалалар және урбанизация» (ЦУР 11) тақырыбы аясында «Алматыдағы қарқынды құрылыс, қала инфрақұрылымына түсетін жүктеме, жасыл аймақтарды сақтау және жайлы қала қалыптастыру» атты дөңгелек үстел өтті.

 Іс-шара «Экология және тұрақты даму» пәнінің негізінде өткізілді, пән  оқытушылары – қауымдастырылған профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Сабденалиева Г. М. және қауымдастырылған профессор, биология ғылымдарының кандидаты Акмуллаева А. С., 2-курс студенттері «География» (IP), «Биология» (IP) БББ  және география және экология кафедрасының меңгерушісі, PhD  Шакирова Н. Д. қатысты.

Дөңгелек үстелдің арнайы шақырылған қонақтары: «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Алма Қараш; «Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы Алматы қалалық филиалының өкілі Сагингалиев А. К.

Дөңгелек үстел мақсаты: Алматы қаласындағы қарқынды құрылыс үдерістерінің қала инфрақұрылымына, экологиялық жағдайға және тұрғындардың өмір сүру сапасына әсерін талқылау, өзекті мәселелерді анықтау және оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Міндеттері:

1. Қаладағы қарқынды құрылыс жұмыстарының қазіргі жағдайын талдау;

2. Көлік, жол, су, электр және әлеуметтік инфрақұрылымға түсетін жүктемені талқылау;

3. Қаланың жасыл желектері мен қоғамдық кеңістіктерін сақтау мәселелерін қарастыру;

4. Қала құрылысы саясатының ашықтығы мен қоғамдық бақылаудың маңызын айқындау;

5. Тұрғындарға қолайлы, қауіпсіз және экологиялық таза қала қалыптастыру жолдарын ұсыну.

Студенттер арнайы дайындалған баяндамаларын оқыды. Арнайы шақырылған қонақтар баяндама оқып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған ашық пікірталас, студенттер сұрақ-жауаптарын алды.

Артқа қайту